1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ! Бүгін мектебімізде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбына арналды. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше қуанышты әрі есте қаларлық күн болды. Мектеп директоры Бигатова М. С. бүлдіршіндерімізді алғашқы қадамдарымен құттықтап, оларға ақ жол, мол білім, биік жетістіктер және мектеп өмірінде жарқын сәттер тіледі. Ұстаздарға шығармашылық табыс, қажымас қайрат, ал оқушыларға жаңа білім, жақсы достар және толағай жетістіктер тілейміз! Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың әрбір жетістігі сіздерге қуаныш пен мақтаныш сыйласын! Жаңа оқу жылы құтты болсын! Білім жолындағы қадамдарымыз сәтті болсын! Еліміздің болашағы – білімді, адал және жауапты ұрпақ болсын! Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!