Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге! Ұстаздар күні қарсаңында мектебімізде педагогикалық еңбек ардагерлерімен ерекше жылы кездесу өтті. Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында аянбай еңбек етіп, талай шәкірттің жүрегіне жол тапқан ардагер ұстаздарымызды мектеп ұжымы мен оқушылары зор құрметпен қарсы алды. Құрметті қонақтарымызға арнап оқушыларымыз мерекелік концерттік бағдарлама дайындады. Бағдарлама барысында әндер шырқалып, билер орындалып, өлеңдер оқылып, ардагер ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектер айтылды. Әрбір өнер нөмірі – ұстаз еңбегіне деген алғыс пен құрметтің белгісі болды. Кездесу барысында ардагер ұстаздарымыз өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, жас ұрпаққа ақ баталарын беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Ұстаз – ұлы есім! Ұстаздың еңбегі – ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Ұстаздық жолда төккен тер мен берген тәлім-тәрбие – баға жетпес мұра.
Қарттарым – асыл қазынам! 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мектебіміздің оқушылары қазыналы қарияларымызға арнап «Қарттарым – асыл қазынам!» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Шара барысында оқушыларымыз үлкендерге деген құрметі мен ыстық ықыласын ән, би, өлең және жүрекжарды тілектері арқылы жеткізді. Қарияларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ақ баталары мен ізгі тілектерін алуға мүмкіндік берген бұл кездесу ерекше жылылыққа толы болды. Қариясы бар үй – қазыналы үй. Үлкенді сыйлау, олардың өмірлік тәжірибесін құрметтеу – ұрпаққа өнеге. Барша ардақты қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
Мекен жайы:
Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Өрнек ауылының негізгі орта мектебі КММ
Өрнек ауылы, 020107 Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Өрнек ауылы