Қарттарым – асыл қазынам! 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мектебіміздің оқушылары қазыналы қарияларымызға арнап «Қарттарым – асыл қазынам!» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Шара барысында оқушыларымыз үлкендерге деген құрметі мен ыстық ықыласын ән, би, өлең және жүрекжарды тілектері арқылы жеткізді. Қарияларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ақ баталары мен ізгі тілектерін алуға мүмкіндік берген бұл кездесу ерекше жылылыққа толы болды. Қариясы бар үй – қазыналы үй. Үлкенді сыйлау, олардың өмірлік тәжірибесін құрметтеу – ұрпаққа өнеге. Барша ардақты қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!